Тарихи-мәдени мұраны қорғауға волонтер бол

26 Тамыз 2021, 20:03
15101
Бөлісу:
Тарихи-мәдени мұраны қорғауға волонтер бол

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жөніндегі «Birgemiz: AsylMura» жалпыұлттық жобасын іске асыру шеңберінде Ұлттық волонтерлік желі Қазақстанның әрбір өңірінде және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында қоғамдық топтарды қабылдауды жариялайды.

Әсіресе бұл волонтерлер, белсенділер, бастамашыл топтар және волонтерлік ұйымдар үшін, тарихи-мәдени мұраны жаңғырту және сақтау тақырыбы маңызды әрі жанына жақын барлық адамдарға арналған! Біздің қызметіміз бұдан да нәтижелі болуы үшін біз тарих, археология және тарихи-мәдени мұра объектілерін қалпына келтіру мәселелерінде волонтерлер мен кәсіпқойлар күшін біріктіреміз! - дейді жоба өкілдері.

Барлық қоғамдық топтар:

- кәсіби мамандардан «Этно-волонтерлік», «Археология», «Реставрация және қалпына келтіру», «Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени әлеуеті», «Тарихи-мәдени мұра объектілеріндегі жұмыс» тақырыптары бойынша тегін оқытылады;

- «Қаржыландыруды іздеу», «Әлеуметтік құрылыс», «Жобаларды жүргізу» және т. б. тақырыптарда мамандар мен жаттықтырушылардан тегін дәрістер алады;

- тарихи-мәдени мұраны жаңғырту және сақтау жөніндегі жобаларды жасау бойынша тікелей және топтық кеңестер алады;

- волонтерлік саласындағы аймақтық фронт-офистерден әкімшілік және ақпараттық қолдау алады;

- қоғамдық топтардың жобаларына волонтерлерді тартуға көмек;

- тарихи-мәдени мұраны сақтаумен айналысатын өңірлік волонтерлік ҮЕҰ-мен және қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастық жөніндегі ұсынымдар;

- пікірлестер қауымдастығына қатысу;

– топтың бірінші іс-шараны іске асыруды аяқтағаннан кейін қоғамдық топтың жұмысы туралы Ұлттық волонтерлік желісінің растайтын сертификаты беріледі.

Біз волонтерлермен бірге ұзақ мерзімді перспективада жұмыс істеу үшін одан әрі өзара іс-қимыл алгоритмдері мен тетіктерін анықтаймыз және тарихи-мәдени мұраны сақтауға қызығушылықты арттыру бойынша тиімді ақпараттық науқан әзірлейміз - дейді жоба өкілдері.

Жобаға волонтер болғыңыз келсе сауалнаманы толтырыңыз.

Өзгелердің жаңалығы