Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауға 15 млн теңге бөлінді

25 Тамыз 2021, 10:35
3313
Бөлісу:
Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауға 15 млн теңге бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жөніндегі «Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобасын іске асыру шеңберінде волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған шағын гранттар конкурсы жарияланды. 

Конкурс мақсаты туған өлкенің тарихи-мәдени мұра объектілерінің жай-күйіне мониторинг жүргізуге және қалпына келтіруге бағытталған волонтерлік бастамаларды қолдау. Гранттық конкурс Қазақстан Республикасының мәдени-тарихи мұрасын сақтау және дамыту саласындағы отыз үздік волонтерлік жобаларды немесе іс-шараларды іріктеуге негізделеді, - делінген хабарламада.

Конкурс шеңберінде волонтерлік ұйымдар мәдени-тарихи мұрасын сақтау және дамыту жөніндегі іс-шараларды немесе жобаларды іске асыруға 500 000 теңгеге дейін грант иегері болу мүмкіндігіне ие болады.

Гранттық конкурсқа жеке тұлғалар, бастамашыл топтар немесе волонтерлік коммерциялық емес ұйымдар қатыса алады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ грантын пайдалана отырып өткізіледі.

Толығырақ конкурс туралы мына ережеде.

Өзгелердің жаңалығы