Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тәрбиеші балабақшада баланы тұншықтырған. Министрлік ресми мәлімдеме жасады

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
14 Ақпан 2025, 17:04
820
Бөлісу:
 - архив
VIDEO
Фото: - архив

Әлеуметтік желілерде тәрбиешінің кішкентай баланы азаптаған видеосы тарады. Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті осыған қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Комитет жекеменшік балабақшалардың бірінде болған оқиғаға байланысты ұстанымын жариялады.

Қазіргі уақытта бала үйінде, онымен Психологиялық қолдау орталығының мамандары жұмыс істейді. Біз балаларға қатысты кез келген зорлық-зомбылық әрекеттерін қатаң айыптаймыз. Бұл жағдайға заңдық және психологиялық тұрғыдан қатаң баға берілуі қажет. Мұндай әрекеттерге жол берген адамдар білім беру саласында жұмыс істемеуі тиіс. Қазіргі уақытта Білім басқармасының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін балабақшаға барды, - деп мәлімдеді комитет.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы тұншықтырғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы