Тарбағатайда Ертіс арқылы қатынайтын кемелер порты салынады

14 Желтоқсан 2023, 03:20
665
Бөлісу:
Тарбағатайда Ертіс арқылы қатынайтын кемелер порты салынады
Фото: baq.kz

Тарбағатайда Ертіс арқылы қатынайтын кемелер порты салынадыҚытаймен сауда-саттықты дамытуға көп көңіл бөлініп келеді. Осыған орай Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында Қытайдан Ертіс арқылы қатынайтын кемелер порты салынады. Тарбағатайда кемелер порты салынып, темір жол тартылатыны туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында мәлім етті. BAQ.KZ бұл туралы Қазақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ертіс трансшекаралық өзенінің транзиттік потенциалын кеңейту жобасы бар. Бұл еліміз арқылы Ресей мен Қытай елдері арасында жаңа көлік бағдарын ашуға мүмкіндік береді. Аталған бағытты дамыту мақсатында Семей қаласының маңайында жаңа кеме жүру шлюзының құрылысы қарастырылатын болады, – деді Марат Қарабаев.

Сонымен қатар Майқапшағай кеден бекетіне теміржол тартылмақ. Министрдің айтуынша, салынатын порт пен қытай шекарасы арасын жалғайтые темір жол салынбақ. Тұғыл-Майқапшағай учаскесінде ұзындығы 99 шақырым темір жол салынатыны айтылған. Ондағы тасымалдың қосымша болжамды көлемі – 2-2,5 млн тонна.

Өзгелердің жаңалығы