Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда аспаз қызға үйленбек болған жігіт оны алып қашты. Алайда, полицейлер қызды үйіне қайтарды, деп хабарлады Polisia.kz.
21 тамызда сағат 00:30-да кезекші бөлімге қоңырау түсіп, облыс орталығындағы дәмханалардың бірінен 20 жастағы аспаз қызды ұрлап кеткені хабарланды.
Іздеу шаралары барысында полицейлер Талас ауданының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Ол бойжеткенге оның келісімінсіз үйлену мақсатында алып қашқан. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 125-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қыз үйіне қайтарылды, - делінген хабарламада.
Жамбыл облысы ПД мәліметінше, «күйеужігіт» 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.