Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Тараздың» сербиялық бұрынғы шабуылшысы Ненад Адамович белорусиялық «Неманға» ауысуы мүмкін.
Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.
Ойыншымен келісімшартқа қол қойылды. Серб футболшысы клубпен екі апта бойы жаттығуда, жұмысқа рұқсат алуды күтіп жүр, - деп жазды клуб.
Еске салайық, Ненад Адамович Қазақстанда 2019 және 2020 жылдары «Жетісу» сапында, сондай-ақ өткен маусымда «Таразда» ойнағанымен танымал.