Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараздағы қоғамдық қауіпсіздікті күзетуге әскерилер атсалысуда. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімшелері төтенше шараларын қамтамасыз етуге атсалысып жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Әскери қызметшілер тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз етудің аса маңызды объектілерін күзетіп, бақылау-өткізу режимін ұйымдастыруға қатысып жатыр. Әскери объектілерді күзетуді және диверсияға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, блок-бекеттерде қызмет атқаруда.
Әскери қолбасшы генерал-майор Қайдар Қарақұлов әскери бөлімдер мен бөлімшелердің қызметін үйлестіріп, жауапты аймақта басқа да мемлекеттік органдармен өзара бірлескен іс-қимылды ұйымдастыруда, - делінген баспасөз мәліметінде.
Жалпы облыс бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 153 адам ұсталып, 10 қарулы қылмыскердің көзі жойылған.