Тараз қаласында пескоблок өндіретін цехтан шыққан өртті Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері жедел түрде ауыздықтады.
Оқиға Сыпатай батыр көшесінде орналасқан бір қабатты өндірістік цехта болған. Өрт туралы хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары дереу жіберілді.
Алғашқы бөлімшелер жеткен кезде ғимараттың ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілер жедел түрде өрт сөндіру оқпандарын беріп, жалынның таралуына жол бермеу және оны толық сөндіру жұмыстарын ұйымдастырды.
ТЖМ бөлімшелерінің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде өрт 350 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді.
Өртті жою жұмыстарына 10 техника мен 36 қызметкер жұмылдырылды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.