Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тараздағы фосфор зауытындағы апат: Ауыр күйік алған жұмысшы қайтыс болды

Бөлісу:
 видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Тараз қаласында Новожамбыл фосфор зауытының жұмысшысы өндірістік оқиғадан кейін көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ КТК-ға сілтеме жасап.

Ер адам денесінің шамамен 45 пайызын күйік шалып, тыныс алу жолдары да зақымданған. Дәрігерлер оның өмірі үшін үш күн күрескенімен, 32 жастағы қызметкерді аман алып қалу мүмкін болмады.

Оқиға кәсіпорынның цехтарының бірінде пеш жанында жұмыс барысында фосфор шлагы атқылап шыққан кезде болған. Қызған заттың әсерінен үш жұмысшы зардап шеккен. Олардың екеуі де ауыр жарақат алып, қазір дәрігерлердің бақылауында.

Тараздағы фосфор зауытындағы апат: Ауыр күйік алған жұмысшы қайтыс болды

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Осыған ұқсас қайғылы жағдай жақында ғана Павлодар облысында да орын алған болатын. «Богатырь Көмір» компаниясының қызметкері жұмыс орнында болған апаттан кейін қайтыс болды. Оқиға 28 қаңтарда «Молодёжная» станциясында болған.

Өзгелердің жаңалығы