Таразда заңсыз балық сатпақ болғандар анықталды

19 Ақпан 2022, 17:52
1940
Бөлісу:
Таразда заңсыз балық сатпақ болғандар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.   Бұл туралы Экология министрлігіне қарасты Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Шу-Талас облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері заңсыз балық сату фактісінің жолын кесті. 17 ақпан күні жедел рейдтік іс-шара өткізу барысында Тараз қаласы, 2 мөлтек ауданында орналасқан сауда кешендерінің бірінің маңында 303 кг сазан балығын сатпақшы болған азамат анықталды.

Таразда заңсыз балық сатпақ болғандар анықталды

Тексеру барысында онда балықтың заңдылығын дәлелдейтін құжаттар болмаған. Заңсыз ауланған балық тәркіленіп, ҚР ӘҚБтК 389-бабына сәйкес тиісті хаттама толтырылды. Іс Тараз қаласының арнайы мамандандырылған әкімшілік сотына әкімшілік шешім қабылдау үшін жолданды. 1988 жылы туылған азамат өзінің заңсыз іс-әрекеттерімен табиғатқа 1 821 839 тенге көлемінде залал келтірді. Рейдтік іс-шаралар жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы