Таразда үшем дүниеге келді

8 Қыркүйек 2022, 17:19
1853
Бөлісу:
Таразда үшем дүниеге келді

Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2 тамызда Тараз қаласында туылған Кәусар, Сезім, Үмітім есімді үш қыздың  анасы Айтүл Қыдырбаеваның айтуынша, үшінші жүктілік тосын сыйға толы болған.  

Олар үшем туылатынын кеш білген. Отбасы тірегі Мақсат Ерімбетовпен бірге Аелин мен Айару  есімді екі қыздары бар.         

Таразда үшем дүниеге келді

Облыстық көпбейінді ауруханасының неонаталдық қызметінің басшысы Талғат Толықбаевтың айтуынша, сәбилер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің жетінші айында дүниеге келген. Туу салмағы - 1443,0, 1455,0 және 1255,0 грамм.            

Нәрестелер өмірге келген  алғашқы күндерінде балаларға қарқынды терапия қажет болды, сондықтан олар 8 күн бойы жансақтау бөлімінде болды. Кейіннен анасымен  бірге неонатология бөліміне ауыстырылды. Сәбилердің өміріне бүгінде қауіп төніп түрған жоқ, оларға барынша арнайы күтім жасалуда,- дейді Талғат Толықбаев. 

Өзгелердің жаңалығы