Таразда шымкенттік жігіт тұрғынның көлігін ұрлап кетті

<p> </p> <h4 align="center">Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда шымкенттік жігіт тұрғынның көлігін ұрлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.</h4>

 27 Мамыр 2021 2021, 20:18
27 Мамыр 2021 2021, 20:18
4554

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда шымкенттік жігіт тұрғынның көлігін ұрлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласы Полиция басқармасының жедел басқару орталығына 31 жастағы Тараз қаласының тұрғыны автокөлік ұрлығы туралы хабарласып, түнде қаланың шағын аудандарының біріндегі үйінің жанында тұраққа қойған ВАЗ-2114 маркалы автокөлігін белгісіз біреулердің ұрлап кеткенін айтып шағымданған. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды, - делінген хабарламада.

Күдікті кінәсін толық мойындап, ұрланған көлікті қосалқы бөлшектерге сатқанын айтты. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 


Наверх