Таразда қаңтарда ұрланған қару көмілген қойма табылған

1 Тамыз 2022, 14:59
1749
Бөлісу:
Таразда қаңтарда ұрланған қару көмілген қойма табылған

Бұл туралы ҚҚР ІІМ тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қожаев  ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды  BAQ.KZ тілшісі. 

13-ші шілде күні Тараз қаласында криминалдық полиция және қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бүркемеленген жерге көмілген қойманы тапты, ол жерден бұрын Полиция департаментінен ұрланған Калашников автоматы, екі оқ сауыт және 30-дан астам оқ-дәрі алынды, - деді ол. 

Қожаев атағандай, 19-шы шілдеде осы қалада полиция қызметкерлерімен гараждар орналасқан жерден бұрын Полиция департаментінен ұрланған Макаров тапаншасын табылды.  

14 шілдеде Алматы облысының Іле ауданында полиция және ҰҚК қызметкерлері Байсерке кентінің теміржол өткелі маңынан бүркемеленген жерге көмілген қойманы тапты, онда 12 калибрлі келте мылтық, бөлшектелген аңшылық мылтық, газ тапаншасы, 3 жарық дыбысты және 2 газ гранаты, сондай-ақ 150-ден астам патрон сақталған.  Жақында (27 шілдеде) Алматы шетіндегі таулы жерде полиция қызметкерлері жерге көмілген тағы бір қойманы тапты, онда 22 жарық-дыбысты, көзден жас ағызатын және газ-түтінді гранаталар, 2 газ тапаншасы, 12 калибрлі аңшылық мылтық, радиостанция және әр түрлі калибрлі 500 (499) патрондар сақталған, - деді ол. 

Қожаевтың айтуынша, қазір ұрланған қарудың әлі 2089 бірлігі анықталмаған.

Өзгелердің жаңалығы