Таразда каратэден V жастар спорттық ойындары аяқталды

18 Маусым 2021, 23:35
2255
Бөлісу:
Таразда каратэден V жастар спорттық ойындары аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда каратэден V ЖастарН ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жастар спорттық ойындарында жас спортшылар кумитэ бойынша 12 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. 

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Жамбыл облысының командасы көш бастады. Шымкент қаласы мен Алматы қаласының құрамалары екінші орынды теңдей бөліп алды. Ал Алматы облысының спортшылары үздік үштікті қорытындылады. 

Айта кетерлігі, Тараз жерінде аталған республикалық бәсеке 16-18 маусым аралығында өтті. 


Өзгелердің жаңалығы