Таразда есігі құлыпталған пәтерде қалып қойған 2 бала құтқарылды

26 Ақпан 2024, 05:48
455
Бөлісу:
Таразда есігі құлыпталған пәтерде қалып қойған 2 бала құтқарылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Оқиға Тараз қаласындағы 15 шағын ауданында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шақыртуға С.Сахариев, Ж.Қадыров, А.Қалмаханов, Е.Телеубаев, Р.Тілеукулов бастаған 5 құтқарушы барды.

Өз кезегінде құтқарушы Рахат Тілеуқұлов альпинистік құралды қолданып, төртінші қабатқа көтеріліп, терезеден үйге кірді.

Үйде қамалып қалған балалар анасына тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы