Таразда еркін күрестен халықаралық турнир басталды

13 Қараша 2019, 21:10
2358
Бөлісу:
Таразда еркін күрестен халықаралық турнир басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15-17 қараша күндері Таразда еркін күрестен Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді. Осымен 12-ші рет ұйымдастырылатын балуандар бәсекесіне елімізден және шетелдерден үздік спортшылар қатысады, деп жазды Olympic.kz.

Дінмұхаммед Қонаев мемориалы елімізде 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. 2012 жылдан бері турнир халықаралық деңгейде ұйымдастырыла бастады. Әр жылдары Қонаев турнирінде жеңімпаз атанған спортшылар қатарында әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарының жүлдегерлері бар. Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Әсет Иманбековтің айтуынша, Қонаев турнирі үнемі тартыс өтеді. Биыл да бәсекенің жоғары деңгейде өткізілетініне сенім зор. 
Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан Дінмұхаммед Қонаевты еске алуға арналған турнир еркін күрес шеберлерінің арасында жоғары мәртебеге ие. Бұл доданың ерекшелігі – жас таланттардың аяқ алысын бақылап, ұлттық құрама спортшыларының әлеуетін арттыруға мүмкіндік туады. Әзірге, қолымда нақты ақпарат жоқ. Бірақ көршілес Ресейдің өзінен бес-алты команданың келетіні анық. Одан бөлек қаншама команда бар. Тараздағы халықаралық жарысқа Қазақстан командасы толық құраммен қатысады. Тек құрама көшбасшысы саналатын төрт спортшымыз жарақатына байланысты кілемге шықпайды. Олар – Нұрислам Санаев, Данияр Қайсанов, Нұрғожа Қайпанов және Әлішер Ерғали. Осы төртеуінен өзгесінің бәрі күреседі, - дейді бас бапкер. 

Айта кетелік, бүгінге дейін Ресей, Болгария, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан командалары жарысқа қатысатынын растады. Сондай-ақ, Еуропа ойындарының жеңімпазы Даурен Куруглиев пен 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы Сослан Рамонов  Қонаев турнирінде бақ сынайды.   
Өзгелердің жаңалығы