Тараз мектебінде бастығының тапсырмасын орындау кезінде жұмысшы омыртқасын сындырып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Тараздағы мектептердің бірінде электр маманы қызметтік міндетін атқару кезінде ауыр жарақат алды.
Ол директор орынбасарының тапсырмасы бойынша прожекторларды ауыстырмақ болған. Нашар бекітілген шамдардың бірі үзіліп кетіп, жұмысшыға түскен кезде ол шамамен үш метр биіктіктен құлаған. Салдарынан оның омыртқасы мен қабырғалары сынған.
Осыған байланысты жұмысшы материалдық шығын мен моральдық зиянның орнын толтыруды сұрап, сотқа жүгінген.
Жұмысшының қызметтік міндеттерін орындау кезінде үш метрге дейінгі биіктіктен құлағаны анықталды. Жазатайым оқиғаны тергеу актісіне сәйкес жұмыс берушінің кінәсі - 100% дәлелденді. Жұмыс беруші қауіпсіздік пен бақылаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етпеген. Жұмысты ұйымдастыру қанағаттанарлықсыз деп танылды. Мектеп әкімшілігі 1 200 000 теңге материалдық және моральдық шығынды, сондай-ақ құқықтық көмек көрсету шығындарын өтеуге міндеттелді, - деп жазылған Жамбыл облыстық сотының хабарламасында.
Шешім заңды күшіне енді.
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда "Қарағанды су" кәсіпорнының екі жұмысшысы кәріз құдығына түсіп, тұншығып қайтыс болғанын хабарладық.