Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Таразда әйел екі баласын 5-ші қабат терезесінен лақтырып жіберді

Бөлісу:
 ©BAQ.KZ/жасанды интеллект
Фото: ©BAQ.KZ/жасанды интеллект

Таразда әйел екі баласын бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жамбыл облысында әйел екі баласын бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Қайғылы жағдай Төле би даңғылы бойындағы жатақханалардың бірінде болған.

Белгілі болғандай, 36 жастағы әйел 2021 жылы туған қызын және 2023 жылы туған ұлын терезеден лақтырып жіберген. 

Екі бала да тірі қалған және жедел түрде Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген. 

Қазіргі уақытта балалар жансақтау бөлімінде жатыр.

Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екі кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Жан-жақты әрі объективті тергеу нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына қатаң сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды, - деп хабарлады Тараз қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, былтыр қайғылы оқиға 30 шілдеде болған. Павлодардағы көпқабатты үйдің тұрғыны өзінің екі баласын – 7 жастағы және 1,5 жастағы балаларын терезеден лақтырып, артынша өзі де секірген.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның мән-жайы белгілі болған.

Өзгелердің жаңалығы