Таразда автокөлік ұрлығын кәсіпке айналдырған күдікті ұсталды

17 Тамыз 2022, 07:25
1128
Бөлісу:
Таразда автокөлік ұрлығын кәсіпке айналдырған күдікті ұсталды

Таразда автокөлік ұрлығын кәсіпке айналдырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

14 тамызда таңғы сағат 6:30 шамасында Тараз қаласы Жедел басқару орталығына қала тұрғынынан мөлтек аудандардың біріндегi тұрақтан ВАЗ автокөлігінің жоғалғандығы туралы хабарлама түскен. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Байзақ ауданының 33 жастағы тұрғыны анықталды. Күдікті қала аумағында Ресей мемлекеттік тіркеуінде тұрған аталған маркадағы автокөліктердi түнгі мезгілде ұрлап, басқа облыс тұрғындарына төмен бағада сатып отырған. Бүгінгі күнге дейін 13 автокөлікті ұрлаған.

Күдікті толығымен өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-тармағымен (Автомобильді құқыққа сыйымсыз иемденіп алу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы