Таразда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

11 Маусым 2023, 09:45
588
Бөлісу:
Таразда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр
Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Жәрмеңкеде Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Талас, Шу аудандары мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің өнімдері бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі жәрмеңкеге жалпы құны 20,5 млн. теңгені құрайтын 35,2 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылуда. Оның ішінде 7,0 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 2,5 тонна шұжық өнімдері, 3,0 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер, 3,4 тонна макарон өнімдері, 0,6 тонна балық, 6,0 тонна ұн, 1,2 тонна бал және 11,0 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері жеткізілген.

Өзгелердің жаңалығы