Таразда аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған ер адам ұсталды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік полицейлері Тараз қаласының теміржол вокзалында Жамбыл облысының 53 жастағы тұрғынын ұстады, одан салмағы 7,5 кг-нан асатын «кептірілген марихуана» есірткі заты тәркіленді. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Әлибаев хабарлады.</h4>

 6 Қазан 2021 2021, 17:32
6 Қазан 2021 2021, 17:32
8884

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік полицейлері Тараз қаласының теміржол вокзалында Жамбыл облысының 53 жастағы тұрғынын ұстады, одан салмағы 7,5 кг-нан асатын «кептірілген марихуана» есірткі заты тәркіленді. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Әлибаев хабарлады.

Оның айтуынша, тәркіленген есірткінің салмағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес аса ірі мөлшерге жатады.

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол марихуананы осы жылдың шілде айының соңында өзі жинап, есірткіні Қарағанды қаласына темір жол көлігімен тасымалдауды жоспарлаған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі (есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде, - деп түйіндеді сөзін полиция полковнигі.


 


Наверх