Таразда әпкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім полициядан қашты

Көлікті кәмелетке толмаған жасөспірімнің басқарғаны және оның жүргізуші куәлігі жоқ екені белгілі болды.

 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 20:18
Бүгiн 2026, 20:18
230
Фото: видеодан скриншот

Таразда жасөспірім заңсыз көлік жүргізіп, жол ережесін бұзып, полициядан қашқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Тараз қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған «Mercedes-Benz» автокөлігін тоқтатпақ болған. Сол кезде  жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шығып, полицияның заңды талабына бағынбаған.

Тексеру барысында көлікті кәмелетке толмаған жасөспірімнің басқарғаны және оның жүргізуші куәлігі жоқ екені белгілі болды. Ол әпкесінің автокөлігін айдап алып кеткен.

Аталған заңбұзушылықтар бойынша жасөспірім және көліктің заңды иесі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірнеше баптарымен жауапкершілікке тартылды. Көлік айып тұрағына қойылды, - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде жол ортасында төбелескен жүргізушілер ұсталған болатын. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх