Таразда ағаш цехы өртенді

Таразда түнде Чехов көшесіндегі ағаш цехы отқа оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Жамбыл облысы ТЖД 12 Қаңтар 2025, 12:15
12 Қаңтар 2025, 12:15
629
Фото: Жамбыл облысы ТЖД

Таразда түнде Чехов көшесіндегі ағаш цехы отқа оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі өрт 100 шаршы метрді қамтығанын нақтылайды.

Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп, оның ары қарай таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖМ өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды, - делінген хабарламада.

Наверх