Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 маусымда 19 сағат 41 минутта Тараз қаласында 9 м/а бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабаттағы пәтерінің бірінде 25 шаршы метр көлемде өрт оқиғасы (үй жиһаздары мен заттар жанған) орын алған. Бұл туралы Жамбыл облысы ТЖ департаменті хабарлады.
Өрт сөндірушілер төртінші қабаттағы пәтерден үш иінді саты көмегімен 5 адамды құтқарды. Олардың ішінде төртеуі – бала.
Сондай-ақ баспалдақ арқылы 25 адам, оның ішінде он бала қауіпсіз орынға көшірілді.
Өрт 20 сағат 5 минутта ауыздықталып, 20 сағат 7 минутта жойылған. Жедел жәрдем бригадасы өрт оқиғасы орнынан 6 адамды емдеу мекемесіне жеткізген. Олардың ішінде екі адам күйік алып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Олар 1949 және 1979 жылы туған азаматтар. Ал өзгелері медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне қайтарылды. Өрттің алдынала шығу себебі – отты абайсыз қолдану (темекі шегу). Өрт сөндіруге Жамбыл облысы ТЖ департаментінен 30 өрт сөндіруші мен 7 бірлік техника жұмылдырылды, – делінген хабарламада.
Жамбыл облысы ТЖ департаменті Тараз қаласы мен облыс тұрғындарын қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.