Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесіне Тараз қаласының тұрғыны алкоголь ішімдігін кіргізбек болған. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
ЖД-158/1 мекемесінің режим және күзет бөлімі тексеру тобының бақылаушысы әділет старшинасы Ф.Елепбергенова келушілердің жеке заттарын тексеру барысында бір литр көлемінде алкоголь ішімдік бөтелкесін тауып тәркілеген. «ASU» суының шөлмегіне алкогольді тығып құйып алған 1979 жылғы азамат әкелген бөтелкеден алкогольдің иісі шыққан. Тексеріс барысында оның спирттік ішімдік екендігі анықталды.Мекеме аумағында спирттік ішімдіктерді жасырын түрде өткізу әрекеті үшін, жоғарыда аталған азаматқа әкімшілік құқықбұзушылық түрде ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес тиісті құжаттар толтырылды.