Танзанияда зәйтүн майын жағуға келген 20 адам қайтыс болды

3 Ақпан 2020, 14:32
2087
Бөлісу:
Танзанияда зәйтүн майын жағуға келген 20 адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы жағдай стадионда орын алды. Зәйтүн майын жағуға жиналған адамдар шығатын жерде бір-бірін таптап тастады. 

Танзанияның солтүстігіндегі стадионда шіркеу қызметкерлері дәстүрлерін жасап жатқанда 20 адам қайтыс болды. Бұл туралы жексенбі күні жергілікті полицияға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.
Танзанияның солтүстігіндегі стадионда сенбі күні кешке шіркеу дәстүрлері кезінде, кем дегенде, 20 адам қайтыс болды, тағы 16 адам зардап шекті, -делінген хабарламада.
Жергілікті дін ырымға сенетін адамдар зәйтүн майын жағып жатқан шыға беріске қарай ұмтылып, адамдар сығылысып қалған. 
Полиция осындай жағдай туғызды деген күдікпен жеті адамды тұтқындады.

Қайғылы жағдай Килиманджаро тауының етегіндегі Моши қаласында орналасқан стадионда болған.
Өзгелердің жаңалығы