Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттік полицейлер танысының телефонын сұрап алып, сатып жіберген алаяқты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала тұрғыны Шымкент қаласы әл-Фараби ауданының полиция басқармасына өзіне қатысты жасалған алаяқтық жайты туралы айтып шағымданған.28 тамызда оның танысы телефонын қоңырау шалуға сұрап алып, Байтұрсынов көшесінде орналасқан сауда орталығында сатып жіберген.
Бұл жайт Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тәртіп сақшыларымен жедел іс-шараларды жүргізу барысында аталған құқық бұзушылықты жасаған азамат анықталып, полицияға жеткізілді. Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.