Абай облысындағы өрт: Таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет су төгілді

10 Маусым 2023, 15:42
2053
Бөлісу:
Абай облысындағы өрт: Таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет су төгілді
Фото: ТЖМ

Абай облысында 7 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ сілтеме жасап.

Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1000 астам адам, шамамен 237 техника жұмылдырылған. 11 тікұшақ тартылды.

Таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет жалпы көлемі 410 тонна су төгілді.

Өртті сөндіру жұмыстары басталғалы бері 263 рет жалпы көлемі 590 тонна су төгілді.

Өзгелердің жаңалығы