Аида Балаева референдумда дауыс берді

Аида Балаева дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

 BAQ.KZ  Кеше 2026, 09:57
Кеше 2026, 09:57
232

Бүгін елімізде өтіп жатқан референдум аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева дауыс беріп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министр референдумға қатысу – әр азаматтың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсететін маңызды қадам екенін атап өтті.

Оның айтуынша, мұндай саяси науқандар халықтың пікірін білдіруге және мемлекет дамуының бағытын айқындауға мүмкіндік береді.

Бүгін қазақстандықтар дұрыс таңдау жасап, ел дамуының болашағына өз үлесін қосады деген сенімдемін. Таңертеңнен бастап азаматтар үлкен белсенділік көрсетіп жатыр. Бұл – ашық қоғам қалыптасып келе жатқанының көрінісі, – деді министр.

Сондай-ақ Аbда Ғалымқызы дауыс бергеннен кейін азаматтарды белсенді болуға шақырып, әр адамның таңдауы елдің болашағы үшін маңызды екенін айтты.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан бойынша референдумға арналған сайлау учаскелері жұмыс істеп жатыр. Ел тұрғындары өз таңдауын жасап, маңызды қоғамдық-саяси науқанға қатысуда.

Наверх