Астана қаласы, Алматы ауданы, М.Жұмабаев көшесінде екі қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған бір қабатты тандырханада өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖД бөлімшелері келгенге дейін тұрмыстық газ баллонының газ-ауа қоспасының жарылысы орын алып, нәтижесінде ғимарат жартылай қираған.
Құтқарушылар негізгі ғимаратқа өрттің таралуына жол бермей, жедел түрде 5 газ баллонын шығарды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жылдам әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді.
Күйік алған 4 қызметкер ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы анықталуда, – деді Астана қаласы ТЖД ӨСКҚ жедел кезекшісінің орынбасары Әділхан Болатов.