Тамызда «Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумы» өтеді

31 Шілде 2023, 16:07
578
Бөлісу:
Тамызда «Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумы» өтеді
Фото: автордан

2 – 4 тамыз аралығында Астана қаласында «Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумы» өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдары, квазимемлекеттік сектор мен іскер топтарының 400-ден аса өкілдері қатысады.

Өз тарапымнан, бірнеше маңызды аспектілерге тоқталғым келеді. Қазақстан мен Ауғанстан халықтары тарихи тамыры ортақ, ежелден бері бір аймақты мекен етіп келе жатқан, көршілес, салт-дәстүрлері мен тағамдары ұқсас елдер. Ауған халқы да біздер секілді Әл-Фарабиді мақтан тұтып, өз ата-бабасы ретінде қарайды. Шын мәнінде ауған халқы терең тарихы мен мәдениеті дамыған ел. Олардың қатарынан ислам өркениетінің алтын ғасырларында көптеген ғұламалар шыққан. Жалпы ауғандықтар өте еңбекқор халық, керемет қолөнершілер, зергерлер, диқаншылар, - деді Тумыш Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Өзгелердің жаңалығы