Тамыз айында ҚР ҰЭМ бүкіл ел бойынша 100-ге жуық коммуналдық кәсіпорынды тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жұмыс «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүргізілуде.
Тамыздың 28-31 аралығында 9 өңірде 12 табиғи монополиялар субъектісі қамтылды:
Алматы қ. – «Алматы жылу жүйесі» ЖШС
Ақмола обл. – «Ақмола электр желісін тарату компаниясы» АҚ, «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК
Шымкент қ.-«Қуатжылуорталық-З» МКК
Ақтөбе обл. – «Энергосистема» ЖШС
Жетісу обл. – «Талдықорғанжылусервис» КМК
Павлодар обл. – «Павлодарские тепловые сети» ЖШС, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ
ШҚО – «Востокэнерго» ЖШС
Абай обл. – «Теплокоммунэнерго» МКК, «Энерго-Инвест» ЖШС
Түркістан обл. – «Кентау Сервис» МКК
Жалпы субъектілердің бекітілген инвестициялық бағдарламалары шеңберінде өз міндеттемелерін уақытылы орындауы және тұтынушылардың қаражатын тиімді пайдалануы тексерілді.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттері биылғы жылдың қыркүйек-қазан айларында еліміздің бірқатар өңірінде тексеруді жалғастырады.