Тамыз айының алғашқы күндері жауынды болмақ

1 Тамыз 2019, 15:31
1643
Бөлісу:
Тамыз айының алғашқы күндері жауынды болмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде тамыз айының 1 мен 3 аралығында ауа райы тұрақсыз болып, температура біршама төмендейді. Бұл туралы "Қазгидромет" МК хабарлады.

Жақын күндері республиканың ауа райына орталығы Екатеринбургте орналасқан циклон өз әсерін тигізеді. Осыған байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміздің солтүстік-батысының кей жерлерінде нөсер болады, күндізгі температура 15...25°С дейін төмендейді. Кей жерлерде найзағай ойнап, екпінді жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. 

Тек республиканың оңтүстігінде ғана ыстық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, негізгі температуралық фон 32...40°С шамасында болады. 

2 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жауады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Петропавл қаласында 2 тамызда найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. 

2 тамызда түнде және таңертең Қызылорда облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады. Желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 

2 тамызда Қостанай облысының кей жерлеріңде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерінде желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Өзгелердің жаңалығы