Тамыз айында инфекцияның таралуы біршама төмендеген – министр

11 Тамыз 2021, 10:21
2034
Бөлісу:
Тамыз айында инфекцияның таралуы біршама төмендеген – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Оның айтуынша, вакцинация елдегі эпидемиологиялық ахуалға оң әсерін тигізіп отыр.

Сондай-ақ ведомство басшысы тамыз айында індеттің таралуының біршама төмендегенін алға тартты.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайды есепке алсақ, сонымен қатар «дельта» штамның таралуы мен вакцинацияны қосқанда, бағалау болжамдарына сәйкес біз оптимистік сценарий бойынша келе жатырмыз. Бұған вакцинацияның оң әсер еткенін айту керек. Осыған байланысты өңірлердің әкімдіктеріне вакцинация мәселелері бойынша халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Шілде айында аурушаңдық күрт өсу жағдайлары тіркелгені белгілі.

«Дельта» штамның анықталуына байланысты, шілде айында аурушаңдық күрт өсті. Бірақ тамыз айының басынан бері коронавирус инфекциясының өсуі қарқынының бәсеңдеуі байқалды. Нұр-Сұлтан қаласында СOVID-19 бойынша эпиджағдай тұрақтанып келеді, - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Үкімет басшысы Асқар Маминнің бірқатар облыстың әкімдеріне вакцинация қарқынын күшейту туралы тапсырма бергендігі туралы жазған болатынбыз. Сонымен қатар Премьер-министр Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қарағанды облысындағы эпидахуалды ерекше назарда ұстау қажеттігін айтты.

Өзгелердің жаңалығы