Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері тамыз айында ауа райы қандай болатынын айтты.
Тамыз айында орташа ауа температурасы солтүстік-батыс жартысында климаттық норманың жанында, ал оңтүстік-шығыс жартысында нормадан 1°С жоғары болады деп болжануда.
Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жуық, орталық, оңтүстік, оңтүстік – шығыс және шығыстың кей жерлерде нормадан аз болады деп болжануда.
Бірінші онкүндіктің ішінде белсенді циклонның ықпалымен республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, кей жерлерде нөсер жауады, сондай-ақ желдің күшейеді. Тек республиканың оңтүстігінде ғана күн ашық болады.
Бірінші онкүндіктің ішінде ауа температурасы жоғары болады:
батыста, солтүстік-батыста 15...25°С жылы;
солтүстікте 17...25°С жылы;
орталықта 25…33°С жылы;
шығыста 30 ... 38°С жылы;
оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 30...38°С ыстық.
Ал, бірінші онкүндіктің ортасында жылы ауа массасының әсерінен аспан ашылып, ауа температурасы жоғарылайды.
батыста, солтүстік-батыста 23...31°С ыстық болады;
солтүстікте 25...33°С ыстық болады;
орталық пен шығыста 33...39°С ыстық болса, кей жерлерде 41°С-ге дейін ыстықты көрсетеді;
оңтүстік және оңтүстік-шығыста 33...39°С, кей жерлерде 43°С дейін ыстық болады деп болжануда.