Тамара Дүйсенова Атырау облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың маусым айында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың Атырау облысының халқымен кездесуі жоспарлануда, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

 21 Мамыр 2022 2022, 18:24
21 Мамыр 2022 2022, 18:24
2760

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың маусым айында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың Атырау облысының халқымен кездесуі жоспарлануда, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Кездесуде жұмыспен қамту және халықтың табысын арттыру, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мен кадр даярлауға қатысты өзекті мәселелер талқыланады.

Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ ресми интернет-ресурсы, Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы, «Е-Өтініш»  азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы, - делінген ақпаратта.

Наверх