10-11 қараша күндері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың Абай облысының халқымен кездесуі жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесуде жұмыспен қамту және халықтың табысын арттыру, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мен кадр даярлауға қатысты өзекті мәселелер талқыланады.
Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ ресми интернет-ресурсы, Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы, «Е-Өтініш» (suraqtar.kz) азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы.
Сондай-ақ келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласа аласыз: 8 (7172) 74 36 03, 74 36 79, 74 37 23.
Азаматтар кездесуге қатысып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне өздерін толғандыратын сұрақтарын қоюға болады.
Оқи отырыңыз: