Тамақтан тышқан шыққан: Ұшақ апатты жағдайда қонды

22 Қыркүйек 2024, 08:10
23905
Бөлісу:
Тамақтан тышқан шыққан: Ұшақ апатты жағдайда қонды
Фото: pixabay.com

Норвегиядан Испанияға бағыт алған ұшақ Данияда апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

CBS News-тің мәліметіне сүйенсек, Scandinavian Airlines рейсі Ослодан (Норвегия) Малагуға (Испания) бара жатқан.

Ұшақ әуеге көтерілген соң тамақтана бастағанда жолаушылардың бірінің тамағынан тышқан шыққан. Ол қорапты ашқанда тышқанды көрген.

Әуе компаниясының өкілі Ойстейн Шмидт апатты жағдайда Данияда Копенгагенде қонған. Себебі тышқандар мен кеміргіштер қауіпсіздікке қатер төндіретіндіктен компанияның процедурасына сай қонуға мәжбүр болған.

Әуе компаниялары әдетте бортта кеміргіштерге қатысты қатаң шектеулерді сақтайды. Себебі олар электр желісіне түсіп кетуі мүмкін.

Жолаушылар Испанияға сапарларын жалғастыру үшін өзге ұшаққа ауыстырылғаны айтылды.

Өзгелердің жаңалығы