Украинаның Львов қаласында атыс кезінде халық депутаты Андрей Парубий көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ РБК-Украинаға сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдары қылмыскердің кім екенін анықтап, оның қайда жасырынғанын табу үшін барлық шараларды қолға алды.
Украина президенті Владимир Зеленский бұрынғы Жоғарғы Рада спикері Андрей Парубийдің қазасын растады. Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді.
Украина Ішкі істер министрі Игорь Клименко мен Бас прокурор Руслан Кравченко маған Львовтағы бұл жантүршігерлік қылмысқа қатысты алғашқы мәліметтерді жеткізді. Қайтыс болған — Андрей Парубий, — деді Зеленский.
Украиналық БАҚ мәліметінше, алдын ала болжамға сәйкес, қылмыскер тағам жеткізу қызметінің курьері болуы мүмкін. Дегенмен, бұл ақпарат әзірге ресми расталған жоқ.