Тәліптер наразылыққа шыққан тұрғындарға оқ жаудырды

19 Тамыз 2021, 04:39
1022
Бөлісу:
Тәліптер наразылыққа шыққан тұрғындарға оқ жаудырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәліптер Ауғанстанның Нангархар провинциясында мемлекеттік туды қолдау үшін наразылыққа шыққандарға оқ жаудырған. Бұл туралы РИА Новости басылымына тұрғындар арасындағы дерекөз хабар берген. 

Басылым мәліметінше, қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

Жергілікті Ariana News телеарнасы мен Pajhwok агенттігінің журналистерін тәліптер соққыға жыққаны хабарланды. Олар мемлекеттік туды қолдайтын наразылық акциясын түсіріп, репортаж жасамақ болған кезде соққыға жығылған. 

Еске салайық, 15 тамызда «Талибан» қозғалысының содырлары Ауғанстанның астанасы Кабулды басып алып, президент сарайына басып кірді. Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кетті. Талибан Ауғанстан Ислам Әмірлігін құруға ниет білдірді.

Өзгелердің жаңалығы