«Талибан» мен АҚШ Ауғанстанда ымыраға келу жобасын келісті

28 Қаңтар 2019, 09:27
2176
Бөлісу:
«Талибан» мен АҚШ Ауғанстанда ымыраға келу жобасын келісті

Астана, BAQ.KZ. Талибтер мен АҚШ ымыраға келу жобасын келісті. Бұл туралы талибтердің ресми өкілі хабарлады.

Осыған сәйкес Ауғанстаннан шетелдік әскерлер шығарылып, 17 жыл бойы созылған соғысқа нүкте қойылуы мүмкін. Бұл туралы Reuters «Талибан» қозғалысының аттарын жасырып қалған өкілдеріне сілтеме жасап жазады.

Агенттіктің ақпаратына қарағанда, ресми келісімге қол қойылғаннан кейін Ауғанстаннан шетелдік әскерді 18 ай ішінде шығару қарастырылған. Жобаның егжей-тегжейі АҚШ-тың арнайы уәкілі Залмай Халилзадтың Катарда өткен он алты күндік келіссөздердің қорытындысы бойынша мәлімдемесінен белгілі болды.

«Талибан» қозғалысы «Аль-Каида» және «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған топ) террористік топтарының базасы ретінде ауған территориясы қолданылмайды деп сөз берді.

Дегенмен екі жақ бірлесіп, ешқандай мәлімдеме жасамады.

Кейін Халилзад Твиттерде келіссөздер «айтарлықтай жақсы нәтижеге» көтерілді және ол жақында жаңаратыны туралы жазды. Сонымен қатар, Ауғанстанға барып, үкіметтегі шенеуніктермен кездесуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

Сарапшылардың айтуынша, Ауғанстандағы соғыстың аяқталуы Түрікменстан қолға алған жаңа жобаларға: Түрікменстан-Ауғанстан-Пәкістан-Үндістан газ құбырының құрылысына, Түрікменстан-Ауғанстан-Пәкістан электрэнергия магистралі және Түрікменстан-Ауғанстан-Тәжікстан темір жолының құрылысына үлкен серпін беруі тиіс.

 

Өзгелердің жаңалығы