"Тальго" пойыздарына 1,3 мың бейнебақылау камерасы орнатылды

Бүгiн, 21:25
133
Бөлісу:
"Тальго" пойыздарына 1,3 мың бейнебақылау камерасы орнатылды
Фото: КТЖ

"Жолаушылар тасымалы" компаниясы 24 "Тальго" пойызының вагондарына 1 350 камера орнатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар пойыз ішіндегі жағдайды үздіксіз бақылауға мүмкіндік береді.

Бұл шара оқыс оқиғалардың алдын алуға, билетсіз жолаушыны анықтауға және кез келген төтенше жағдайда жедел әрекет етуге көмектеседі.

Бейнебақылау жүйесінің ақпараты ситуациялық орталықтағы уәкілетті мамандарға ғана қолжетімді.

Қазіргі уақытта ұлттық тасымалдаушы барлық вагонды бейнебақылау жүйесімен жабдықтауға дайындалып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы