Талғат Мұхтаров қызметінен босатылды

16 Қаңтар 2020, 17:42
1617
Бөлісу:
Талғат Мұхтаров қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Талғат Сәбитұлы Мұхтаров қызметінен босатылды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев хабарлады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының шешімімен Талғат Сәбитұлы Мұхтаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Ақорданың ресми сайтының хабарлауынша президент Өкімімен Талғат Мұхтаров Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының Өкімімен Талғат Сәбитұлы Мұхтаров Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болып тағайындалды, - делінген Өкімде.

Өзгелердің жаңалығы