Алматы қаласының 34 жастағы тұрғыны «Талгарка» өзенінің арнасынан табылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Алматы қалалық полиция Департаменті, жедел іздестіру іс-шаралары барысында 29 қарашада үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған 1989 жылғы Тимур Поповтың мәйіті табылғанын мәлімдеді.
Жедел-іздестіру тобы Т.Попов есімді азаматтың таксимен Талғар қаласына барғанын анықтаған. Бүгін, 7 желтоқсан күні сағат 11:00-де полиция қызметкерлері жоғалған азаматты іздестіріп, әйеліне телефон арқылы «SOS» дабылын жіберген 1,5 шақырым жерде тексеру жүргізді. Нәтижесінде жоғалған ер адамның денесі судан табылды. Адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, – Алматы ПД баспасөз қызметі.
Полиция Департаментінің айтуынша, оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.