Алматы облысының Талғар ауданындағы жасөспірім өлімі туралы істі прокуратура ерекше бақылауға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
4 қазанда Талғар қаласында төбелес болып, қаланың 16 жастағы тұрғыны пышақталып қайтыс болды және екі азамат ауыр дене жарақатын алды. Біз қоғамдық толқуларды түсінеміз және отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз. Прокуратура органдары кісі өлтіру туралы бұл істі ерекше бақылауға алғанын ресми түрде хабарлаймыз, - деді облыстық прокуратура.
Аталған қылмысты жасады деген күдік бойынша сот 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беріп, жеті күдікті адам ұсталды.
Біз барлық жағдайларды анықтауға және кінәлілерді жауапкершілікке тартуға бағытталған объективті тергеуге кепілдік береміз. Барлық азаматтарды осы қылмысқа қатысы бар адамдарды жауапкершіліктен алып тастауға ешқандай әрекет жасалмайтынына сендіреміз. Тергеуге көмектесетін кез келген ақпаратпен прокуратура немесе ішкі істер органдарына жүгінуге шақырамыз, - деп ескертті прокуратура.
Бұған дейін бұл істі Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов жеке бақылауына алған еді.
Айта кетейік осыған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, бір адам қаза тапқан еді.