Талғардағы қоғамдық тәртіпті Ұлттық ұлан қадағалап жатыр

14 Қазан 2024, 11:05
367
Бөлісу:
Талғардағы қоғамдық тәртіпті Ұлттық ұлан қадағалап жатыр
Фото: - архив

Алматы облысы Талғар ауданына Ұлттық ұлан сарбаздары жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Талғар ауданына қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қадағалау үшін ІІМ Ұлттық ұланының жауынгерлері қызмет атқарып жатыр. Азаматтардан әскерилер атқаратын іс-шараларға түсінікпен қарауды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 4 қазанда түнде Талғарда жасөспірім қаза тапқан болатын. Белгілі болғандай, 16 жастағы Шерзат Болат сатып алушымен арада шиеленіс туындаған кезде әкесінің дүкенінде оған көмектесіп жатқан. 

Алматы облысының Полиция департаменті "Кәмелетке толмаған баланы өлтіру" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Жасөспірім өлімі туралы істі прокуратура да ерекше бақылауға алды.

Жасөспірім өлімі туралы істі ішкі істер министрі Ержан Сәденов жеке бақылауына алды. Ал дүкеннің кіреберісіне Шерзаттың суреті ілініп, тұрғындар гүл шоқтарын қойған еді. Бүгін сол дүкен қабырғасына марқұм Шерзат бейнеленген плакат ілінді.

Өзгелердің жаңалығы