Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғардағы қайтыс болған 16 жасар Шерзат Болатқа қатысты істің бақылауда екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, күдіктілер қамауға алынып, бірқатар айыптар тағылған.
Талғар ауданындағы кісі өлтіруге байланысты іс үнемі бақылауда. Күдіктілер қамауға алынып, оларға бірқатар айыптар тағылды. Сонымен қатар, бұл іс бойынша Шерзат Болаттың әкесіне қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмады. Өртке байланысты іс те тергелуде, сараптамалар тағайындалып, тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, - деді ол.