Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Талғарда Шерзат Болат пен оның ағасына арналған жылдық ас берілді

15 Қыркүйек 2025, 12:02
1119
Бөлісу:
 коллаж BAQ.KZ
Фото: коллаж BAQ.KZ

Талғар қаласында марқұм Шерзат Болат пен оның ағасының жылдық асы өтті. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Марқұм Шерзат пен Нұрғанаттың жылдық асы. Менің аппеляциялық сатыда сөйлеген сөздерім көптің көкейіне жетсе екен деймін. Бұл сөздерді айтудағы бір мақсатым мұндай оқиғалардың қандай салдарға алып келетінін көпшілікке жеткізу еді. Шерзаттың оқиғасы енді қайталанбасын деп тіледім, - деді адвокат.

Еске салайық, 2024 жылы 4 қазанда түнде Талғарда жасөспірім қаза тапқан болатын. Белгілі болғандай, 16 жастағы Шерзат Болат сатып алушымен арада шиеленіс туындаған кезде әкесінің дүкенінде оған көмектесіп жатқан.

2025 жылғы 5 маусым күні Шерзат Болат ісі бойынша 9 сотталушыға үкім шықты. Жасөспірімнің өлімі қоғамда үлкен резонанс тудырды.  Жасөспірім өлімі туралы істі ішкі істер министрі Ержан Сәденов жеке бақылауына алды. 

Өзгелердің жаңалығы