Кәмелетке толмаған бала өз-өзіне қол жұмсамақ болып, Алматы облысындағы көпірден секірмек болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полицейлер бұл оқиғаның алдын алды.
Патрульдік полицейлер Талғар көпірінде тұрған мектеп оқушысын байқап қалады. Олар оқушының өз-өзіне қол жұмсамақ екенін бірден білген.
Патрульдік қызметтегі аға лейтенанттар Ілияс Шахизаданов пен Жасұлан Мықтыбаев, сондай-ақ УҰИ инспекторы сержант Ербол Бесбаев жүгіріп барып оқушыны секірмек болған жерінен аман алып қалды, - дейді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.
Тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған баланы сабырға шақырып, оны үйіне алып барып, ата-анасына тапсырған. Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз: