Талғарда белгісіз біреулер тұрғындарды соққыға жықты

15 Маусым 2022, 02:24
1476
Бөлісу:
Талғарда белгісіз біреулер тұрғындарды соққыға жықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облыстық полиция Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы «Аспан сити» тұрғын үй кешенінің ауласында тұрғындарды соққыға жыққан бір топ жас жігітті іздестіріп жатыр.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 12 маусымнан 13 маусымға қараған түні болған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Іс материалдарында жәбірленуші ретінде бес жергілікті тұрғын бар, оның екеуі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған факті бойынша бейнежазбаны зерделеуде, сондай-ақ оқиғаның куәгерлерінен жауап алуда, - деп атап өтті полицияның баспасөз қызметінен.

Ведомства өкілдерінің айтуынша, бұзақыларды анықтау және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Қылмыстық істің тергеу барысы облыстық полиция басшылығының ерекше бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы